Астанада лаңкестікке қарсы жаттығулар өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 ақпан күні Астана қаласының аумағында терроризм актілерін болдырмауға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқулар өтеді.

Астанада лаңкестікке қарсы жаттығулар өтіп жатыр

Терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабтың хабарлауынша, бұл жоспарлы шара және ол қақтығыстар жағдайына барынша жақындатылған. Жедел штабтың дайындығы мен күш-қауқары тексеріледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және дүрбелеңге салынбауға шақырамыз.