Астанада лаңкестікпен күрес мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада Орталық көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері лаңкестікпен күрес мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.
None
None

Шара барысында Мәдениет министрлігінің өкілі Данияр Мұсабеков отырысқа қатысушыларға елдегі діни ахуалға қатысты жағдай жөнінде баяндаса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы Михайл Беменов пен Орталық аймақтық көлік прокурорының көмекшісі Ерлан Шалдыбаев лаңкестікпен күрес тәжірибелерімен бөлісіп, қалада орын алуы ықтимал қауіп-қатерлер жөнінде әңгімеледі.

Қазақстандағы дәстүрлі емес дін өкілдерінің қызметі мен олардың қоғамға теріс ықпалдары сияқты мәселелер жөніндегі мәліметтерімен «Ареал» дін мәселелері жөніндегі қоғамдық қордың президенті Айман Рүстембекова таныстырды. Ал Әділет министрлігінің Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің бастығы Галина Новикова дәстүрлі емес және өзге дін өкілдерінің еліміздің азаматтарын қандай жолмен және не мақсатпен тартатындығы, сондай-ақ олардан сақтану жолдары жөнінде тәртіп сақшыларына дәріс оқыды.

Отырыс барысында сондай-ақ тәртіп сақшыларына темір жол мен көлікпен байланысты нысандарды жарылғыш заттар табыла қалған жағдайда немесе лаңкестік әрекеттер жөнінде қандай да бір күдік пайда болғанда бірінші кезекте қандай шаралар қолға алынуы қажеттігі туралы мамандар тәжірибелік көмектерін көрсетті. «Бұл көліктегі ішкі істер дапартаменті қызметкерлерінің лаңкестік пен

діни ұйымдар жөніндегі таным көкжиектерін кеңейтіп, тәжірибелерін жетілдіретін, сонымен қатар олардың жарылғыш заттармен жүргізілетін жұмыстар барысындағы біліктіліктерін жетілдіретін

игі шара. Сондықтан оның біздің қызметкерлермен ұдайы ұйымдастырылуы өте пайдалы», деді Ішкі істер министрлігінің Орталық көліктегі ішкі істер департаментінің Экстремизммен күрес бөлімінің бастығы Талғат Балтаев.

Отырыста лаңкестікпен күрес жөніндегі бейнематериалдар тамашаланып, құнды деректер таратылды.

Соңғы жаңалықтар