Астанада лаңкестікпен күрес үшін ғылыми зерттеулер жүргізу талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Лаңкестікке қарсы орталығы жанындағы ғылыми-сарапшылар тобының алғашқы отырысы өтті.
Елдің жетекші сарапшы-саясаткерлері мен ғылым қайраткерлері лаңкестікке қарсы тұру және ғылыми қолданбалы зерттеулер ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау мәселелерін талқылады, деп хабарлады ҚР Лаңкестікке қарсы күрес ортпалығы.