Астанада лаңкестікпен күреске бағытталған оқу-жаттығулар өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық лаңкестікпен күрес жедел штабының оқу-жаттығу шараларына арнайы қызмет өкілдері де атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада лаңкестікпен күреске бағытталған оқу-жаттығулар өтіп жатыр

«Бекітілген кестеге сәйкес, Астанадағы Жангелдин және Әуезов көшелерінің қиылысында лаңкестікпен күрес жедел штабының бастапқы ден қою күштері жаттығу сабағын өткізеді. Жаттығу аясында жергілікті полиция қызметінің тергеу-жедел тобы, автопатруль және АЖДЖ бөлімшелерінің іс-әрекеті пысықталады», - деді Астана ІІД баспасөз қызметінде.