Астанада лас көліктерге айыппұл салынып жатыр

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада сырты ластанған автокөліктердің қозғалысы қатаң бақылануда.
None
None

Әсіресе соңғы күндері құқрылыс алаңынан шығатын жүк көліктері мен автобетон араластыратын машиналарға полицейлер қырағылық танытуда. Бұл туралы елордалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Ондай көліктердің доңғалақтары мен корпусы құрылыс балшықтарынан тазартылған болуы керек. Қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес, құрылыс нысандары  көлік жуатын жабдықтармен қамтылып, үлкен жүк машиналарының доңғалақтары нысаннан шығар алдында таза шайылуы шарт», - делінген баспасөз парағында.

Еске салсақ, Әкімшілік кодекстің 485-бабына сәйкес, қаладағы автокөлік жолдарын ластағаны үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 1-2 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғалар үшін 20 АЕК-ге дейін белгіленген. Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін айыппұл 20-30 АЕК шамасында болып отыр.

Соңғы жаңалықтар