Астанада Латиф Қазбековтің «Ертегілер әлеміне саяхат» көрмесі ашылады

Көрмені Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында, «Петербордың еркін суретшілері» жобасының өкілдігі мен Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырады.
Латиф Қожахметұлы Қазбеков 1954 жылы Қазақстанда (Алматы облысының Ақсу ауылы) дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және Ленинград қаласындағы Ресей көркемсурет Академиясын (қазіргі уақытта И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институты) тәмамдаған. Латиф Казбеков литография, бейнелеу, офорт және кітап графикасы техникаларында орындалған туындылардың авторы. Қазіргі уақытта Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде кино өнері кафедрасының анимация және мультипликация бөлімінде оқытушылық қызмет атқарады. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Финляндия, Италия, Дания, Нидерланды, Бельгия, Польша, Куба, Мексика, Канада, Чехия, Оңтүстік Корея, Грекия, Швейцария, Балтық және ТМД мемлекеттерінде ұйымдастырылған 22 жеке көрменің және 300-ден астам көрмелердің авторы болып табылады.
Көптеген халықаралық және отандық бейнелеу өнері және кітап өнері конкурстарының лауреаты.
«Ертегілер әлеміне саяхат» - Л. Казбековтің Қазақстандағы алғашқы жеке көрмесі. Көрме қонақтары автордың әлем халықтарының 15 ертегісінің суреттемелерімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Атап айтқанда, ол Италия, Кения, Америка, Жапония, Ресей ертегілері, ежелгі Грекия аңыздары, астарлы әңгімелер мен өлеңдерге арналған суреттемелер қойылатын болады. Олардың ішіндегі ең атақтылары Д.Ч. Харристің «Римус ағайдың ертегілері» топтамасындағы қоянның бейнесі және «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкен оқиғалары» ертегісіндегі Буратино бейнесі. Жалпы көрмеде автордың 98 туындысы көрермен назарына ұсынылатын болады.