14:22, 02 Мамыр 2017 | GMT +5
Астанада «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінде өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сарайшық 5Г мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің балконы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің берген мәліметтеріне сәйкес, үйден өрт шыққаны туралы ақпарат сағат 13:17 шамасында түскен.
«Төрт минутта жеткен өрт сөндірушілер 1 мен 2 қабат аралығында 40 шаршы метр аумақта жылыту материалдары өртке оранғандығын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрі ұйымдасқан жұмысының арқасында өрт сағат 13:41-де сөндірілді», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, тілсіз жаумен күреске жеке құрамның 24 қызметкері мен 5 техника тартылды.
Жапа шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ.