Астанада Лексус көлігі жүргіншіні басып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Лексус жүргізушісі жүргіншіні басып кетті.

Астанада Лексус көлігі жүргіншіні басып өлтірді

«17 желтоқсанда сағат 17.00-де «Lеxus RХ-300» көлігімен Гете көшесі бойынша келе жатқан жүргізуші (алдын ала нұсқа бойынша көктайғақ салдарынан) рульді басқара алмай қалып, жүргіншілер жолына шығып кетіп, 44 жастағы С. деген азаматты басып кеткен, апат салдарынан жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - деп атап өтілген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сот алды өндірісі жүргізілуде. Сот медициналық, автотехникалық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.