Астанада лифт мониторын сындырған бұзақы ұсталды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы белсенді тұрғындардың көмегімен лифт ішіндегі бейнекамера мониторын сындырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада лифт мониторын сындырған бұзақы ұсталды

Еске сала кетсек, Астана полициясы тұрғын үйлердің бірінде лифттің мониторын бұзған ер адамға іздеу салған еді.

«Астаналық ЖОО-лардың бірінде оқитын 19 жастағы күдікті тұрғын үй кешенінің лифт кабинасына орнатылған мониторды қасақана сындырған. Бұл мониторлар қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен қалалық лифтілердің жағдайын онлайн-бақылау мақсатында қойылған. Монитор бейнебақылау камерасымен жабдықталған және күдіктінің бет-бейнесі сол камераға түсіп қалған», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.