Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада LRT-ны іске қосу 2025 жылға шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада LRT-ны іске қосу 2025 жылға шегерілді

«LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген.

Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген.

Екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Аяқталу мерзімі уақтылы қаржыландырылса – 2026 жылдың соңына дейін», - деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында.

Еске салсақ, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз деген еді.

«LRT-нің бірінші іске қосу кешенінің құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жобаны 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл ұзындығы 55 шақырым 72 көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргіземіз және Тәуелсіздік көпірі құрылысын аяқтаймыз», - деген еді елорда әкімі.