Астанада LRT стансасынан өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада LRT стансаларының бірінен дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт шықты.
Оқиға Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу барысында пластик құбырлар мен мақта тұтанған.
Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын толық өшірілген.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Осыған дейін Түркістан облысында балабақша ғимараты өртенгені туралы жаздық.