Астанада LRT желісіне дыбыс кедергісі қолданылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Astana LRT жобасы) қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында дыбыс кедергісі қолданылады.

Астанада LRT
Фото: Жэньминь Жибао

Қытайлық China construction компаниясы шетелдік бизнес департаментінің бас менеджері Хан Юлонның айтуынша, компания «мөлдір су мен жасыл тау – құнды байлық» жасыл құрылыс концепциясын негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғауға басты мән береді.

- Пойыз тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандарға жақын аймақтардан өткен кезде шулы дыбысты тиімді азайту үшін «амортизациялық жол төсемі + дыбыс тосқауылы» технологиясын қолданып, пойыздың шуын 35 децибелден төмен түсіру ойластырылған, - деді Хан Юлон.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Astana LRT жобасы) жерүсті негізгі құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар