Астанада LRT жолдарындағы электр кабелі жанды
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT жолдарындағы электр кабельдері жанды.
LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді.
Айта кетелік Астанадағы LRT-ге ресми түрде Tarlan Astana атауы берілген еді.