Астанада «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесері өтеді

АСТАНА. Қазақпарат - Алдағы жұма және сенбі күндері «Астана Опера» театрында Джакома Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесері өтеді, деп хабарлады www.24.kz.

Астанада «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесері өтеді

Жауһар туындының қоюшы режиссері - италиялық Лоренцо Амато. Бас кейіпкер Мадам Баттерфляйдің бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай мен Айгүл Ниязова сомдайды. Ал оның сүйіктісі, американдық флот лейтенанты Пинкертонның партиясын Итальяның опера майталманы Фабио Армилиато мен елімізге еңбегі сіңген қайраткер Медет Шотабаев орындайды. Қойылым қайталанбас декорациямен ерекшеленеді. Табиғат көріністерін көрсету үшін 3D технологиясы қолданылған. Ал әртістердің киім үлгісін жасауға «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино атсалысқан. Туындының музыкалық жетекшісі - Алан Бөрібаев. Операны сәтті орындап шығу үшін қазақстандық әртістер арнайы Италияға барып, тіл үйренген.

 «Біз безендіру жағын басқа театрлардан алған жоқпыз. Барлығы өзіміздің жасаған дүниелеріміз болып саналады», - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төлеубек Әлпиев.