Астанада Мәдениет саласы қызметкерлері республикалық кәсіподағының съезі өтті

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет саласы қызметкерлері республикалық кәсіподағының IV съезі өтті.

Астанада Мәдениет саласы   қызметкерлері  республикалық  кәсіподағының  съезі  өтті

Форумға театрлар мен мұражайлардың, кітапханалар мен клубтардың, киноиндустрия мен цирктің, спорт және бұқаралық ақпарат құралдарының делегаттары қатысты. Съезге қатысушылар толғағы жеткен түрлі өзекті мәселелерді талқылады, оның ішінде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысымен, әртістердің жекелеген санаттарын жазатайым оқиғалардан сақтандыру проблемаларымен байланысты мәселелер сөз болды.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет саласы қызметкерлері республикалық кәсіподағының төрайымы болып келесі бес жыл мерзімге Светлана Шалахметова сайланды.

Съезд жұмысына мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаев, салалық комитеттің төрағасы Ілияс Қозыбаев, Санк-Петербор қаласының Мәдениет және білім беру халықаралық қоғамдық қорының президенті Геннадий Попов қатысты.