Астанада Максим Галкиннің концерті өтеді

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Сайлау Абылаев/ - Наурыздың 4-інде елордадағы Конгресс-Холлда ресейлік атақты әзілқой-пародияшы, тележүргізуші Максим Галкиннің концерті өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінде Мәскеудегі бекзаттық басқосулар, атақты жұлдыздардың шоу-бағдарламалары Ресейдің мемлекеттік гуманитарлық институты лингвистика факультетінің түлегі Максим Галкиннің қатысуынсыз өтпейтін болды. Ол пародия жанрына мектепте жүрген кезінде-ақ машықтана бастаған. 1994 жылғы сәуірде Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттік театры сахнасында алғашқы дебюті өткен. 2001 жылы ақпанда Максим Галкин «Кім миллионер болғысы келеді?» атты зияткерлік телевикторинаның жүргізушісі болды. Осы жылы «Витебскідегі славян базары» фестивалінде алғашқы жеке концертін берді. Ал 2002 жылы «Күліңіздер, мырзалар!» атты «Ресей» концерт залында өткен бағдарламасы отандық теледидардағы рекордтық рейтингіге ие болды. М.Галкин «Триумф» сыйлығы грантының, Санкт Петербордың «Алтын Остап» сыйлығының лауреаты. Ресейдің ең танымал өнер жұлдызының концерттері мен гастрольдері қайда болса да, көрермен жанкүйердің зор ықыласымен, аншлагпен өтіп келеді.Астанадан кейін ол Ақтау қаласында өнер көрсетпек.
Соңғы жаңалықтар