Астанада мамандар есту қабілетін қалпына келтіру бойынша отадан кейінгі оңалтудың жаңа әдістерін меңгеруде

жасалған отадан кейінгі медициналық оңалтудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік-сабақ өткізді. Бұл туралы «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Кохлеарлы имплантациядан кейінгі медициналық оңалту» деп аталатын шеберлік-сабақты м.ғ.к., Ресей Федералды Медико-биологиялық агенттігінің Оториноларингология Ғылыми клиникалық орталығы Федералды мемлекеттік мекемесі вестибулология және отоневрология бөлімшесінің жетекшісі, М.Ф.Владимирский атындағы Мәскеу облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институты дәрігерлерді жетілдіру факультеті оториноларингология кафедрасының доценті Ольга Зайцева өткізді.
Кохлеарлы имплантация әдісі есту қабілетінің нашарлауының айқын және ауыр түрімен ауыратын науқастарға құлақтарының толығымен және жартылай естіп кетуіне мүмкіндік береді. Операция барысында науқастың ағзасына сыртқы микрофоннан келіп түсетін электрлі импульстерді нерв жүйесіне түсінікті болатын дыбыстарға айналдыратын құрылғы (кохлеарлы имплантант) орнатылады. Дегенмен, есту қабілеті имплантациядан кейін бірден қалпына келмейді. Имплантант ағзаға бейімделуі тиіс, ол үшін ұзақ уақыт оңалтудан өту қажет.
Қазақстандық дәрігерлердің көбісінде айтарлықтай еңбек тәжірибесі болғандықтан, шеберлік-сабақ барысында аталмыш сырқатты диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін игеру, дәстүрлі зерттеулер мен емдеуді тереңдей үйрену, курсанттармен тәжірибе бөлісу қарастырылды.