Астанада мамандар жер қойнауына қатысты кодексті талқылайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қазанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Kazenergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлады ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаментінен.
Жиынға қатысушылар жер қойнауын пайдалануға қатысты әзірленетін Кодекс құрылымының тұжырымды тұстарын талқылмақ. Сондай-ақ, ғалымдар геологиялық зерттеу саласына инвестиция тарту, Кодекстегі жер қойнауын пайдаланушылар үшін салынатын салықтық жүктемелердің шарттарын ортаға салмақ.
Конференция жұмысына Қазақстан мен шет мемлекеттерде табиғи жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын басшылары және жер қойнауын пайдалануды реттеу саласы мамандары қатысады.