Астанада мамонттардың азулары мен динозаврлардың сүйектері сатылатын қара нарық жұмыс істеуде

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде тұрақты түрде көне жануарлардың сүйектері табылып тұрады.
None
None

Бұл туралы 19 қазан күні шыққан № 195 (17553) санындағы «Астана - родина слонов» материалында «Экспресс К» газеті жазды.

Дереккөзіміздің сендіруінше, Астанада мамонттардың азулары мен динозаврлардың сүйектері зергерлік кәсіп үшін материал ретінде сатылатын кәдігі қара нарық жұмыс істеуде.

Михаилдің (құрылыс бизнесі мен археологиялық зерттеулерге бірдей жақын тұлға) айтуынша, жаңа астанада ауқымды құрылыстар басталғалы мұнда палеонтологтар үшін қызықты нысандар тұрақты түрде табыла бастады. Бірақ ол туралы ақпараттың барлығы бірдей жариялана бермейді.

Табылған тарихи қалдықтардың нақты саны дереккөзімізге белгісіз. Бірақ, оның мәліметтеріне қарағанда аз дегенде үш нысан Астананың қазіргі әкімшілік орталығының ауданында табылды.

«Учаскелердің иелері тарихи жануарлардың сүйектерін лақтыру ретсіз екенін тез түсінді. Жақында Астанада табылған піл сүйегінің қалдығынан әшекейленген қанжарлар жинағы Батыс Еуропаға аттандырылды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум