Астанада мамыр айында Азия Даму банкінің жыл сайынғы отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мамырдың 2-5 аралығында халықаралық қаржы нарығының маңызды оқиғасы - Азия Даму банкінің басқарушылары Кеңесінің 47-ші мәжілісі өтеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан атынан АДБ басқарушы директоры, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәжілісте төраға ретінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

«АДБ Қазақстан экономикасын модернизациялауда және еліміздің әлеуметтік жобаларын іске асыруда үлкен үлес қосып, демеу беріп жатыр, бізде Азия Даму Банкімен серіктестікті маңызды деп есептейміз», - деп атап өтті өз сөзінде Е. Досаев.

Естеріңізге салып өтейік, 2013 жылы өткен АДБ басқарушыларының жыл сайынғы кезекті мәжілісінде, Үндістан Қазақстанға, 2014 жылғы АДБ Басқарушылары Кеңесі мәжілісінің Төрағалық лауазымын ресми түрде табыстады. Алпыс жеті қатысушы ел өз дауыстарын біріңғай Қазақстан үшін берді.

Мәжілісте қарастырылатын өзекті тақырыптардың бірі - қазіргі Қазақстанның инвестициялық жағдайы. Мәжіліс шеңберінде, алғаш рет «Invest in Kazakhstan» атты Халықаралық инвестициялық конференция ұйымдастырылады, АДБ 47-ші жыл сайынғы отырысының ұйымдастырушы комитетінде хабарлады. Отырыста - саясаткерлер, бизнес қауымдастық, Еуропа және Орталық Азия аймағындағы қаржы институттарының өкілдері, Қазақстан экономикасын инвестициялауға байланысты ең күрделі мәселелерді ортаға салады.

Аталмыш шараға, экономистер, үздік банктер, даму институттары, орта және шағын бизнестің басшылары және сарапшылары, сондай-ақ Қазақстанда қазіргі уақытта жұмыс жүргізіп жатқан халықаралық инвестициялық компаниялар басшылығының өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Конференция қатысушылары Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің дамуына, сонымен қатар мемлекеттік саясатқа байланысты тақырыптарда сұхбат жүргізеді. Бұл пікір-талас елімізге инвестиция тарту мен оларды аймақтық және глобальды үлгіде кеңейту мүмкіндігін қарастыруға бағытталған. Сондай-ақ, конференцияда Қазақстанның өндірістік және экспорттық ахуалын айқындайтын инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады. Шара нәтижесі бойынша, қазақстандық компаниялармен шетелдік серіктестер арасында бір қатар меморандумдарға және инвестициялық келісімдерге қол қойылуы жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар