Астанада мамыр айында журналистердің халықаралық саммиті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-23 мамыр күндері Астанада VII Астана экономикалық форумы аясында алғаш рет журналистика саласы бойынша «G-Global» халықаралық саммиті өтеді.
None
None

Ол әлемдік дағдарыс кезіндегі журналистиканың рөлі, медиадағы инновация мен технологиялар, экономикалық көрсеткіштермен жұмыс жасау және ақпарат таратудың жаңа әдістері жөніндегі мәселелерді көтеруге бағытталған, деп хабарлады ұйымдастырушылар. Саммитке атақты медиа-тұлғалар, блогерлер, халықаралық медиа-холдингтер, индустрияның ғылыми қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Журналистиканың халықаралық саммитінде өтетін шаралардың бірі - «Жаңа медиа-технологиялар мен экономикалық мәселелерді жариялаудағы материалдарды пайдаланудың инновациялық негіздері» тақырыбындағы «G-Global» сыйлығы. Бұл сыйлыққа шетелдік және отандық медиа-холдингтер, корпорациялар, медиа-технологияны жасаушылар, ІТ-компаниялар, тәуелсіз журналистер қол жеткізе алады. Байқау қорытындысы бойынша тың бағдарламалар, құралдар, жаңа технологиялар арқылы экономикалық ақпаратты тиімді таратып, әлемдік қауымдастықтағы экономикалық проблемаларға аудиторияның қызығушылығын арттыратын үздік журналистік жоба анықталады. VII Астана экономикалық форумында өтетін марапаттау рәсімінде жеңімпазға 15 000 доллар көлеміндегі сыйақы табысталады. Сондай-ақ, ғаламдық журналистика саласындағы ақпарат алмасу мен соңғы технологияларды таныстыру үшін саммит аясында «Шексіз ақпарат» халықаралық медиа-көрмесі өтеді. Көрме әлемдік жетекші медиа-холдингтердің, индустрияның тәжірибелі ғылыми қызметкерлерінің басын қоспақ.

Соңғы жаңалықтар