Астанада «Мәңгілік ел» халықаралық конференциясында отандық және шетелдік ғалымдар бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 11 қыркүйекте Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінен.
None
None

Конференция жұмысына отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады.

Назарбаев университетінде өтетін жиында Қазақ хандығының қазақ халқы мен оның мемлекеттілігіндегі рөлі мен маңызын, оның қазіргі Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігінің қалыптасуына әсерін ғылыми негізде көрсетуге бағытталған. Конференция барысында «Мәңгілік ел» жаңа жалпыұлттық идеясы аясында Қазақстан Республикасы халқының жоғары адамгершілік мұраттарын болашақ ұрпақ үшін сақтау мәселелерін қарастыру көзделген. Айтулы шарада «Қазақ хандығы және Мәңгілік ел: теория және практика», «Қазақ мемлекеттілігінң генезисі: бастауларынан - қазіргі заманға дейін», «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі - қазақ мемлекеттілігінің феномені», «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны» тақырыптары қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар