Астанада марқұм болған және қалада тұрмайтын адамдарды емханаға тіркеп қойған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді. Соның барысында емханалардың қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингтен және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы ауруы бар пациенттерге дәрі-дәрмекті уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.
Тексеру нәтижесі бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.
12,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.