Астанада мас күйінде көлік жүргізген 9 адам қоғамдық жұмысқа жегілді

Оның айтуына қарағанда, жыл басынан бері Астана қаласында азаматтардың көлікті мас күйінде жүргізу немесе көлік жүргізуге құқы жоқ бола отырып, көлікті басқару үшін рулге отырған 69 факті анықталып, тіркелді.
«Мәселен, осы жылдың 19 маусымында түнгі сағат 02.00 шамасында көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, есірткі тұтынып алып, «Ниссан» маркалы көлігін жүргізіп келе жатқан А. есімді азамат ұсталды. Оған елорданың Алматы аудандық соты 99 100 теңге көлемінде айыппұл салып, үш жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырды. Ал, 18 сәуір күні түнде С. есімді елорда тұрғыны мас күйінде көлік жүргізіп бара жатып, жол полициясының көзіне түскен. Бұл азамат 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді және үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деді Р. Айтымов.
«Жалпы жыл басынан бері ішімдік ішіп, көлікті басқарған тоғыз адам қоғамдық жұмысқа жегіліп отыр», - деді ол.