Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы өңдеудің үшінші кезеңі басталды

АСТАНА. KAZINFORM —18 маусымнан бастап «Столичная дезинфекция» ЖШС ашық стацияларды-саябақтарды, скверлерді, көшелерді, тұрғын алаптарды өңдеудің үшінші кезеңін бастады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Маса улау
Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Дезинфекциялық шаралар толық жоюға емес, тітіркендіргіш жәндіктердің санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады. Бүгінде қалада түнгі уақытта сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізілетін ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

Тұрғындардың жайлы демалысы мен уақытын өткізу үшін адамдар көп жиналатын орындарға, яғни саябақтар мен жағалауларға ерекше назар аударылады.

Дезинфекциялық шаралар кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды:

— Өңделетін жерге баруды шектеу;

— Өңдеу кезінде терезелерді жабыңыз.

Қан соратын жәндіктердің санын анықтау және азайту жұмыстары бақылауда және ғылыми топ пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың кестелері мен ұсыныстарына сәйкес жалғасады.

Айта кету керек, кіреберістер мен жертөлелерді өңдеуді ПИК және МИБ жүргізуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар