Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің филиалы ашылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің филиалы ашылады. Бұл туралы Ақордада Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздердің қорытындысына орай өткен брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Білім беру саласындағы ынтымақтастық үнемі артып келеді. Ресейлік жоғары оқу орындарында 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды. Бұл ресейлік білім беру стандартына сұраныс пен екі елдің білім мен тәжірибені жан-жақты алмасуға мүдделі екендігін білдіреді», - деді Президент.
Мемлекет басшысы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде Қазақстанда ресейлік жетекші техникалық білім беру мекемелерінің 7 филиалы ашылғанын атап өтті.
«Таяу уақытта Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің филалы есігін ашады. Бүгін Омбы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды. Ол Ресейдегі Қазақстан жоғары оқу орындарының бірінші өкілдігіне вйналады. Сонымен қатар Ресейдің шекарамаңы өкірлерінде Қазақстан мектептерін, Қазақстан аумағында Ресейдің қатысумен мектеп салу келешегі талқыланып жатыр. Сөз Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары жайында болып отыр. Мұның бәрі білім беру байланыстарын нығайтуға мүмкіндік беріп, екі елдің өскелең ұрпағына жаңа мүмкіндіктер ұсынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.