Астанада Мәскеудің мэры Ю.Лужков жазған кітаптардың таныстырылымы болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Автордың қатысуымен өткен іс-шара барысында «Су мен әлем» және «Транскапитализм мен Ресей» кітаптары ғылыми көпшілікке таныстырылды. Ю.Лужковтың бірінші кітабында Кеңес Одағы кезінде қолға алынып, одан кейінгі жылдары жұмысы тоқтап қалған Обь өзенінің суларын Қазақстан арқылы Орталық Азия елдеріне жіберу жобасы туралы жазылса, екінші еңбегі бүгінгі қаржы дағдарысы мен оның себеп-салдарына арналып отыр. «Кеңес Одағы кезінде «Су мен әлем» кітабында айтылған жоба бүгінде үлкен маңызға ие. Себебі ғаламдық ауа райының өзгеруіне байланысты әлем бойынша ауыз суға деген қажеттілік күн санап өсуде. Сондықтан кезінде тоқтап қалған жобаны көпке созбай іске қосу қажет. Оны Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қолдап отыр», - дейді Ю.Лужков.