Астанада мәскеулік «Гжель» би театрының гала-концерті өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Мәскеу күндерінің мәдени бағдарламасы өте қанық.
None
None

«Астана» концерт залында елордалық көрермендер «Гжель» Мәскеу мемлекеттік академиялық би театрының шығармашылығымен етене танысты. Ресей астанасының бишілерінің гала-концерті ешкімді де бей-жай қалдырмады.

1988 жылы танымал ресейлік балетмейстер, Ресей Халық артисі Владимир Захаров құрған ансамбль, бүгін де, 25 жыл бұрынғыдай, халықтың көркемдік өнерінің ұлы шығармаларын кеңінен дәріптеп, дамытуға үлес қосып келеді. Бүгін директор Марина Куклина мен бас балетмейстер Валентина Слыханова жетекшілік еткен труппа фольклорлық жанрдың әралуандылығын - мысалдарды, салт-жораларды шебер қолданып жүр, осылайша Гжель, Палех, Жостово, Павлов-Пасадтық өрнек және т.б. секілді белгілі қолөнер жазбаларын халыққа жеткізуде.

Кеш жүргізушілері Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық филармониясының артисі Гауһар Ержанова және Ресей Халық артисі Артем Каминский болды.

- Біз бұл театрды қатты жақсы көреміз және оны мақтан тұтамыз. Ол үздік әлемдік сахналарда астанамыздың және мемлекетіміздің намысын абыроймен қорғап жүр, Ресей мен ТМД мемлекеттерінде көп рет концерт берген. Бұл жай ансамбль емес, нағыз театр, - деп атап өтті Артем Каминский «Гжель» театрының ұжымын таныстыра отырып.

Керемет би элементтерімен жасалған хореографиялық қойылым, орындаушылардың артистік шеберлігі, жарқын арнайы эффектілермен және әдемі костюмдермен толықтырылған ғажайып ырғақ бастапқы минуттардан бастап-ақ көрерменді баурап алады.

Бишілер көпшілік назарына ежелгі орыс халық билерін ұсынды. Бұдан басқа, бағдарламаға казак, беларусь, украин және молодовалық билер енгізілді. Өнер иелерінің Астанаға жасаған тағы бір сыйы - домбыраның сүйемелеуімен орындалған қазақтың ұлттық биі болды.

Бишілердің өнеріне тәнті болған көрермендер ұзақ қол шапалақтап, ансамбльді көпке дейін сахнадан жібермеді.

- Мұндай концертке бармағаныма көп болды, артистердің энергиясы мықты, жасанды емес. Жақсы әсер алып, демалып қайттым. Залда жастардың көп болғаны - қуантарлық жайт. Олар да қойылымдарды таңырқай тамашалады. Артистерге мың алғыс! - деп Астана тұрғыны Лидия Федоровна өз әсерімен бөлісті.     

Дәстүр бойынша концерт соңында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің атынан театр ұжымына гүл тарту етілді. 

Соңғы жаңалықтар