Астанада «масленица» аталып өтті

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ресей мәдениет орталығында славян халқының ұлттық мерекесі «Масленицаға» арналған іс-шара өтті.
None
None

Оған Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников қатысты. Сондай-ақ, елордадағы ұлттық мәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктер де өз үлестерін қосты.

«Масленицаның бір аптасы да әне-міне дегенше өте шықты. Өзім Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан 7 жылдың ішінде осы мерекені бірде-бір рет жіберген емеспін. Ресей медениет орталығы да бұл мерекені тойлауды жыл сайын дәстүрге айналдырып келеді. Бұған тек славян халықтары ғана емес, еліміздегі 130 ұлттың барлықтарының өкілдері келеді. Бұл да болса еліміздегі ұлтаралық татулықтың белгісі деп білемін», - деді М. Бочарников.

Айта кетейік, «Масленица» славян халықтарының ертеден келе жатқан қысты шығарып салып, көктемді қарсы алу мерекесі. Ол жеті күнге созылады. Славяндар осы жеті күннің әр күнін түрліше тойлап өткізеді. Бұл мереке кезінде дәмді құймақтар пісіріліп, көршілер бір-бірін қонаққа шақырады. Көңілді ән айтылып, би биленіп, барлығы шат-шадыман болады. Өйткені славяндар «масленицаны» қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай жүресің деген ұстанымды ұстайды.

Соңғы жаңалықтар