Астанада Масленица мейрамы аталып өтті

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Кеше Ресей ғылым және мәдениет орталығында славян халықтарының дәстүрлі Масленица мерекесі өтті. Орталық қызметкерлері қонақтарды ғимарат алдында әнмен және бимен қарсылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шараға «Карамель» орыс жексенбілік мектебінің ұжымы, «Ладушка» және «Веселка» ансамбльдері, беларус ұлтық-мәдени орталығының өкілдері қатысты. «Масленица ? қысты шығарып салудың, табиғаттың көктемгі жаңаруын қуанышпен қарсы алудың ежелгі мейрамы. Оған біздің көркем өнерпаздармен қатар, қонақтардың да белсене қатысқанын қалаймын», - деді республикалық «Лад» қозғалысының Астана қалалық филиалының төрағасы Александр Зарипов. Мерекеге жиналғандар орыстың халықтық ойындарына қатысып, ескерткіш кәдесыйларға ие болды, дәстүрлі масленица құймағынан дәм татты.
Соңғы жаңалықтар