Астанада мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
АСТАНА.KAZINFORM – Бүгін елорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясында депутат Ерлан Ерғазыұлы Дакеновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков баяндады.
– Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы және 4-тармағына сәйкес, депутат Ерлан Ерғазыұлы Дакеновтің өтініш хат беруіне байланысты, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 14 шілдеде тиісті шешім қабылдады. Сонымен қатар аталған депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ұсыныс енгізілді, – деді Бейсембай Қуанышұлы.
Осылайша, сессия барысында осыған байланысты қалалық мәслихат депутаттары тиісті шешім қабылдады.
Бұған дейін, Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы ауысқанын жазғанбыз.