13:24, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Астанада «Масс-медиа саласындағы зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында тренинг өтуде
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Сұңқар» қонақүйінде «Медиа орталық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Масс-медиа саласындағы зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында тренинг өз жұмысын бастады,
деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш шараға Астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау қалаларындағы басылымдардың журналистері қатысып отыр. Ең алдымен республикалық және аймақтық басылымдардың журналистеріне арналған тренингтің жаттықтырушысы ? Алматы қаласынан келген танымал қазақстандық медиа-заңгер Сергей Уткин. «Тренингке қатысып отырған журналистердің жартысынан көбі зияткерлік меншікті қорғау проблемасымен кезіккен. Көбісі олардың авторлық құқықтары бұзылған жағдайда не істеу керектігін білмейді. Аталмыш тренингте олар осы мәселеге қатысты және басқа да сұрақтарға жауап ала алады», - деп атап өтті ол.Басқосуда сөз бостандығы және шығармашылық, авторлық еңбектер және хаттар, авторлық құқықтың субъектілері мен объектілері, еңбектің түпнұсқалығы, авторлық құқықтың қорғалуы және оның құқықтық мәні сияқты тақырыптар талқылануда.