Астанада математика, механика және информатика пәндерінен студенттер арасындағы II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Наурыздың 25-і күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде математика, механика және информатика пәндерінен студенттер арасындағы II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады,

Астанада математика, механика және информатика пәндерінен студенттер арасындағы II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияның басты мақсаты - студент-жастарды математика, механика және информатика саласындағы ғылыми жұмыстарға кеңінен тартып, әлеуеттерін өсіру. Конференция Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуларына жағдай жасап, бірлесіп жұмыс жасауларына мүмкіндік бермек.

Іс-шара аясында жастар аталмыш салалар бойынша белгілі ғалымдармен жүздесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады. Осы уақытқа дейін ғылыми мәжіліске қатысуға 181 адамнан өтініш түсті.