Астанада математика пәні ұстаздарының I съезі өтеді

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада 11-12 мамырда Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан мектептерінде математикалық білім беру ісін дамыту:
None
None

қазіргі жай-күйі мен даму болашағы» атты тақырыпта математика пәні ұстаздарының I съезі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Бахриден Кәрімжан мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш съезд Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың бастамасымен елімізде алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. «Бұл өте маңызды шара. Мектепте оқытылатын пәндердің ішінде математика пәнінің орны бөлек. Бүгінгі таңда еліміздегі 7 мың 516 мектепте 20 мың 445 математика пәнінің ұстаздары бар. Олардың 98 пайызы жоғары білімді. Яғни ұстаздардың білімі де біліктілігі де жеткілікті. Дегенмен қазіргі халықаралық рейтинг көрсеткіштері бойынша қазақстандық оқушылардың нәтижелері көңіл толтырарлықтай емес. Қазақстандық оқушылар математика пәнінен көптеген олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр. Ал халықаралық рейтинг елдегі мектептердегі математика пәнінің жалпы оқытылу әдісіне баға беріп отыр», - дейді департамент директоры.

Оның айтуынша, съезд барысында математика пәнін оқытумен байланысты қазіргі таңда туындап отырған ауқымды мәселелер талқыланады. Съезге еліміздің барлық аймақтарынан 2 мыңға жуық адам қатысады. Олардың 500-і съезге делегат ретінде келеді. Сондай-ақ жиынға Ресей мен Болгария елдерінің ғалымдары қатысады

деп күтілуде. «Съезд өзінің алғашқы жұмысын математика пәніне арнағалы отыр. Ал келесі жылы осы съезде физика мен информатика пәндеріне қатысты проблемалар талқыланады. Осындай жолмен біз білім беру саласында қалыптасқан барлық мәселелердің шешу жолдарын қарастырмақпыз»,-дейді Б.Кәрімжан.

Соңғы жаңалықтар