Астанада Майлин көшесінің бойында автобус бағыты шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Б.Майлин көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты учаскелердің бірінде автобус бағытының қозғалысы шектеледі, деп жазды Astana LRT Facebook-ке.
«2018 жылы 3 қазан сағат 9:00-ден 4 қазан 7:00-ге дейін Б.Майлин көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Сәтбаев көшесінен Жұмабаев даңғылына дейінгі аралықта автобус бағытының қозғалысы шектеледі», - делінген хабарламада.
№ 19 бағыттағы автобус «Тельман» тұрғын үй алабынан Қ.Сәтбаев көшесі мен Б.Майлин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді, әрі қарай Қ.Сәтбаев көшесімен тіке кетіп, Күйші Дина көшесінен оңға, Жұмабаев даңғылынан солға бұрылады. Әрі қарай өз қозғалыс кестесіне ауысады. Қайтар жолда да дәл осы бағытпен қозғалады.
№24 маршрут «Бастау» тұрғын үй кешенінен Жұмабаев даңғылы мен Б. Майлин көшесінің бұрылысына дейін өзгеріссіз қозғалып, әрі қарай Б. Майлин көшесімен тіке кетеді, кейін Күйші Дина көшесінен солға, Сәтбаев көшесінен оңға бұрылады. Әрі қарай өз кестесімен жүреді. Қайтар жолда да дәл осы бағытпен қозғалады.