Астанада медицина саласының ғалымдары 1 млн. теңге грант алды
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Santo Member of Polpharma Group-тың Ғылыми қоры медицина мен фармация саласындағы ғылыми зерттеуді жүргізу немесе оны аяқтау үшін Астана медициналық университетінің екі ғалымына әрқайсысы 1 млн. теңге болатын гранттар тапсырды.
Santo Member of Polpharma Group Астана Медициналық университетінің келешегінен мол үміт күттіріп отырған ғалымдарына қолдау көрсету мақсатында «Академиялық бағдарламаны» 2013 жылы құрды және ағымдағы жылы Астана экономикалық форумында аталған оқу орнымен қол қойылған Меморандум аясында жүзеге асырылуда.
«Аталған бағдарлама мемлекет пен жекеменшiктiң денсаулық сақтау саласындағы серiктестiгiнiң нақты дәлелi болып табылады және ол бiрiншi кезекте Қазақстан азаматтарының өмiр сүру сапасы мен оларға көрсетiлетiн медициналық қызметтi жақсартуға бағытталған. Бiз отандық ғалымдардың зерттеу әлеуетiн дамытуға алдағы уақытта да өз үлесімiздi қосуға ниеттiмiз», - дедi Santo Member of Polpharma Group-тың бас директоры Шахин Арслан.
Құрамына Қазақстанның белгiлi профессорлары мен ғалымдары кiрген комиссия грант лауреаттарын бағалады. Бақылау кеңесiне Петр Милднер басшылық еттi және оның құрамына «Польфарма» Ғылыми қорының басшысы Боженна Платос, SMPG бас директоры Шахин Арслан және SMPG медициналық департаментiнiң жетекшiсi Ярослав Будач кiрдi.