Астанада медициналық технологиялар саласындағы халықаралық компанияның кеңсесі мен тренинг-орталығы ашылды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада медициналық технологиялар саласында әлемдік жетекші «Medtronic» компаниясының кеңсесі мен тренинг-орталығы ашылды.

Астанада медициналық технологиялар саласындағы халықаралық компанияның кеңсесі мен тренинг-орталығы ашылды

Орталық Қазақстанда инновациялық медициналық технологиялар және емдеу тәсілдерін енгізуде техникалық қолдау көрсетіп, оқыту шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Medtronic» компаниясының негізі 1949 жылы Миннеаполис қаласында қаланды. Ол медициналық жабдықтарды өндіруші көшбасшы компания болып табылады. Компанияда өндірілген технологиялар мен емдеу тәсілдері Қазақстан Республикасындағы 80-нен астам медициналық мекемеде қолданылады және аритмология, кардиохирургия, қан тамыры хирургиясы, нейрохирургия, диабет, омыртқа хирургиясы сынды салаларды қамтиды. Қазір Орталық Азия және Әзірбайжан аумағын қамтитын кеңседе 30 қызметкер қызмет етеді. Компания өкілдігі нарықтың дамуын, терапия және клиникалық зерттеулер мен мониторинг, сонымен қатар мамандарды кардиохирургия саласында оқыту жұмыстарымен айналысады.