Астанада Медициналық университет клиникалармен бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана әкімдігі, Ұлттық ғылыми медицина орталығы, травмотология және ортопедия ҒЗИ мен Астана медицина университеті арасында денсаулық сақтау және білім салаларындағы бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы елорданың реми сайтынан хабарланды.

Астанада Медициналық университет клиникалармен бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойды

«Соңғы 10 жылда денсаулық сақтау саласында үздіксіз реформалау жүргізілуде, елімізде көптеген өзгерістер болды. Бірінші мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында 500-ден астам аурухана салынды, Астанада «Ұлттық медицина холдингі» құрылды. Бұл ауруханаларды қондырғылармен жабдықтау және медициналық қызметтер көрсету мүмкіндіктерінің деңгейі Батыстың орталықтарынан кем емес. Алға қойған жаһандық міндеттер 5 жылда денсаулық сақтау жүйесінде осындай қуатты құрылым құруға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сіздер үшін Қазақстанның кез-келген клиникасының есігі ашық. Студент кезіңізде, интернатурада жүргенде осындай кез-келген орталыққа барып, бұл қондырғының жұмысымен таныса аласыздар. Себебі ертең сіз онымен жұмыс істейсіз. Мемлекет басшысының тиісті шешіміне сәйкес, біз барлық медициналық жоғары оқу орындарында осындай меморандумдарға қол қойып жатырмыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов өз сөзінде.

Айта кетейік, медициналық ЖОО мен Астана қаласының ірі медициналық клиникаларының өзара ынтымақтастығы медициналық білімнің сапасын арттыруға және қала халқына қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

«Меморандумға қол қою - бұл қаланың медициналық мекемелеріндегі кадрлар тапшылығы мәселесін жоюға жасалған қадам. Қазіргі уақытта дәрігерлер тапшы, Әсіресе тар мамандық иелері - 100 астам дәрігер жетіспейді. Сондықтан бүгінгі құжатқа қол қою - бұл өзекті мәселелерді шешуге жасалған маңызды қадам, атап айтқанда, кадрлар тапшылығымен қоса, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырады, бұл елордадағы, сәйкесінше республикамыздағы медицинаның деңгейін көрсетеді», - деді қала әкімінің орынбасары Аида Балаева.