Астанада мектеп құралдары арзан бағамен сатылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертеңнен бастап елордалық әкімдіктің алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде. Аталмыш шара республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Астанада мектеп құралдары арзан бағамен сатылып жатыр

Шара сағат 17.00-ге дейін өтеді, қала тұрғындары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті канцеляриялық құрал-жабдықтарды сатып ала алады. 

Жәрмеңкеде отандық тауарөндірушілермен жасалған мектеп формасының түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен. 

Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 50%-ға дейін, мектеп формасы 10%-дан 20%-ға дейін, аяқ киім 10%-дан 25%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда. 

Бағаның қымбаттап кетпеуі мақсатында әкімдікпен күнде әрі тұрақты түрде бақылау жүргізілуде.  

Атап өтейік, қала тұрғындары жәрмеңке аясында тек мектепке қажетті құрал-жабдықтарды ғана сатып алмай, сондай-ақ балалармен демалыстарын өткізе алады. 

Астаналық әкімдікпен мәдени-сауықтыру бағдарлама әзірленді, оған қоса шығармашылық ұжымдардың концерті және қуыршақтар театрының қойылымы қойылды. 

Қазіргі уақытта жәрмеңкеге барып үлгергендердің саны 500 адам. 

Төменде мектепке қажетті құрал-жабдықтардың бағасы көрсетілген: 

Тауардың атауы: 

Жейденің бағасы (жәрмеңкеде сатылып жатқан)-2500- 5000 теңге, 

Ұлдар үшін костюмдер (толық жиынтық)- 4000 -14 000 теңге, 

Көкірекше -1000 теңге, 

Рюкзактар- 2940 теңгеден бастап, 

Жұқа дәптерлер- 5 теңгеден, 

Қалың дәптерлер- 75 теңгеден бастап,

Күнделік-250 теңге, 

Альбомдар-100 теңгеден бастап (12 бет), 

Қалам-20 теңге,

Түрлі-түсті қағаздар-200 теңге,

Пластилин (6 түсті)-200 теңге,

Бантиктер (2 дана)-600 теңге, 

Пенал-500 теңге.