Астанада мектеп құрылысына 16,9 млрд теңге бөлінді

«Биыл елордада мектеп құрылысына 16,9 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 6 мектеп салынып жатыр және 5 мектептің жобасы аяқталуға жақын. Одан бөлек, 20 мектеп салу жоспары тұр. Осы орайда жергілікті бюджеттен 12 млн теңге сұрап отырмыз. Исатай батыр және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы мектеп құрылысы туралы айтып өтсем: жер бөлінді, биыл жоспарлауды аяқтап, келесі жылы мектеп құрылысын бастаймыз», - деді Әрсен Жаңғасқанов мәслихат отырысында.
Еске сала кетсек, таяуда ғана елорда әкімдігі бірқатар тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша ұсыныстарды қабылдамай, орнына мектеп-гүлзарлар салынатын болды.
Атап айтқанда, Байтұрсынұлы көшесі, 7 («Хайвилл» тұрғын үй кешені) мекенжайындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үйдің орнына мектеп бой көтереді.
Сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, астаналық кәсіпкерлер жаңа балабақша, мектеп салуға дайын екендіктерін жеткізді.