Астанада мектеп оқушысы құдыққа құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 13 жасар жасөспірім беті ашық жатқан құдыққа құлап кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27 қаңтар күні 13 сағат 35 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» нөміріне №83 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысынан өзінің мектептен үйге кетіп бара жатып, құдыққа құлап кетіп, ол жерден шыға алмай жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына бірден Апат медицинасы орталығының бригадасы мен Орталық және өңірлік ұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жөнелтілді»,-делінген Төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар оқиға орнына 14 сағат 02 минутта жеткен. 2004 жылы туған бала құтқарылып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медицина мамандарының қарауына берілді. Содан соң қиындыққа тап болған бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда оқушының өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп нақтылады Астана қалалық ТЖ департаментінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар