Астанада мектеп тауарларының жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 12 тамыздан бастап Астанада мектеп құралдарының жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада мектеп тауарларының жәрмеңкелері өтеді

Жәрмеңкелер айдың соңына дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтіп тұрады: атап айтқанда 12, 13, 19, 20, 26, 27 тамызда.

Өтетін орындары:

1) Нұра ауданы, Цирк ғимараты алдындағы тұрақ;

2) Байқоңыр ауданы, «Аймақтау» сауда үйінің тұрағы;

3) Сарыарқа ауданы, Demalys Promenade аллеясы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;

4) Есіл ауданы, Ботаникалық бақтың тұрағы;

5) Алматы ауданы, Абылай хан даңғылы, 20а.

Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілерді қатыстыру жоспарланған. Сондай-ақ жергілікті шеберлер мен қолөнершілер өз өнімін ұсынады деп көзделген.

Кәсіпкерлер тұрғындарға қолайлы баға ұсыну үшін сауда орындары тегін ұсынылмақ.