Астанада мектеп түлектерiнiң «Триумф» балы өтуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім бәйгелерінде елорда мәртебесін асқақтатқан мектеп түлектерін салтанатты түрде марапаттау мақсатында, Тәуелсiздiк сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтiп жатыр.
None
None

Балға Астананың бiлiм беру ордаларының 11-сынып оқушылары қатысуда.

«Триумф» балы ағымдағы жылы жалпы орта білім беретін пәндер бойынша өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарының 350-ден аса жеңімпазына арналып отыр. Бас жүлде иегерлері мен оларды сайысқа дайындаған ғылыми жетекшілер балдың салтанатты бөлімінде марапатталады. Олар өзiнiң iрi ғылыми жобалары арқылы үлкен жетiстiкке жетiп, ҰБТ тапсырудан босатылған және Қазақстан мен шет елдердiң ең мықты университеттерiнде оқуға жолдама алғандар. Олар бүгiн өздерiнiң жемiстi еңбектерi үшiн осындай балға қатысуға лайық деп есептеймiз", - дейдi Астана қалалық бiлiм басқармасының бастығы Эльмира Суханбердиева.

Жалпы 2014-2015 оқу жылында астаналық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Корея елдерінде өткен халықаралық олимпиадаларға қатысып, нәтижесінде 235 медальді қоржынға салған.

Соңғы жаңалықтар