Астанада «Мектепке жол» акциясы аясында 200-ге тарта бала мектепке дайындалды
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгiн Астанада "Мектепке жол" акциясы аясында елорданың 12 iрi кәсiпорны 200-ге тарта балаға мектеп жабдықтарын сыйлады.
Әлеуметтiк көмек негiзiнен 1-4 сыныпта оқитын тұрмысы төмен және көп балалы отбасы балаларына, жетiмдерге көрсетiлдi. Балаларды жаңа оқу маусымына дайындауға қажеттi қаражатты бөлiп, қолдау көрсеткендердiң қатарында Қазақстан Халық банкi, "Цесна-Астық" концернi, "Астана-Жылутранзит", "Жаңа құрылыс", "Highvill Kazakhstan" сынды компаниялар бар.
Айта кетейiк, ҚР Білім және ғылым министрлігі алтыншы жыл қатарынан 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясын өткізуде. Ағымдағы жылы «Қазақстан - 2050» стратегиясында көрсетілгендей, балалардың өмір жағдайын жақсарту бойынша жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында акция «Біз бірге болашақты құрамыз!» атты ұранмен басталған болатын.
Акцияның мақсаты тұрмысы төмен отбасылардағы оқушыларға қолдау мен көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ мектепке әлеуметтік жағдаймен бармау себебі бойынша балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Акция өткізілгеннен бастап 1 миллионнан астам бала жалпы сомасы 6 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек алды. Демеушілер мен меценаттардың қолдауымен 2,5 миллиард теңгеге көмек көрсетілді.