Астана мектептерінде атыс болатыны жайлы жалған хабар тарады

мектеп
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада мектептерде атыс болатыны жайлы хабардан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

Кеше әлдебір Telegram каналда Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы ескерту айтылды.

«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты» деп хабарлайды Астана ПД баспасөз қызметі. 

Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

терроризм
Фото: әлеуметтік желіден

 

Соңғы жаңалықтар