Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді

АСТАНА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада «Назарбаев университетінің" салтанатты ашылу рәсімі болады және Мемлекет басшысының қатысуымен «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді.

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен  «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді

Сондай-ақ Елбасының «Назарбаев университетінің» шетелдік стратегиялық әріптестері - жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесуі, Университет туралы декларацияға қол қойылуы және елімізде жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық нысандардың тұсаукесерін өткізу жоспарланып отыр.