Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері «Сарыағаш-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінен мемлекетаралық іздеуде жүрген 28 жастағы ОҚО Сарыағаш қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
2014 жылдың 23 желтоқсанында оған қатысты ҚР ҚК-нің 136-бабының 1-бөліміне (Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.