Астанада мемлекеттік этносаясатты ғылыми-аналитикалық қамтамасыз ету мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясының қорытындысына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік

Астанада мемлекеттік этносаясатты ғылыми-аналитикалық қамтамасыз ету мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді

этносаясатын ғылыми-аналитикалық қамтамасыз ету: міндеттері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Отырыс барысында мемлекеттің этностармен қарым-қатынас және осы бағытта жүргізіліп отырған саясат онымен қатысты өзге де көптеген мәселелер сөз болады. Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек СерікбайұлыӘбдірәсілов  сөз сөйлейді. Сонымен қатар отырысқа ғалымдар мен сарапшылар қатысып, күн тәртібіне қойылып отырған мәселе төңірегінде өзара ой бөліседі.