12:03, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Астанада мемлекеттік гранттан қағылған студенттер ректорлық грантқа ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше елордадағы «Тұран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова дарынды жастарға салтанатты түрде ректорлық гранттың сертификаттарын табыс етті.

Грант иегерлері қатарында биыл мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері, ең жоғарғы 125 балл жинаған түлектер бар. Ректорлық грант барлығы 12 талапкерге берілді.
Бұл шара жеке университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қиын жағдайға тап болған жастарға қол ұшын созу мақсатында жүргізіліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, биыл «Алтын белгіге» ие болған 39 түлек мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмай қалған еді.