Астанада мемлекеттік қызмет жүйесінің аймақтық хабын құру мәселелері талқыланады

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада 15 наурызда мемлекеттік қызметтің аймақтық проблемалары және аймақтық хаб құруға арналған конференция өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты хабарлады.

«Аймақтық хаб қатысушы-елдердегі мемлекеттік қызмет жүйесін жаңартуда катализатор рөлін атқармақ, сондай-ақ осы саладағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтудың факторы болады» - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

Қатысушы-елдердің өзара іс-қимылы орталығының негізі үш базалық ұстаным болмақ: олар - қоғамға қызмет ету ұстанымы, мемлекеттік қызмет жүйесін жаңарту барысында ашықтығы мен мөлдірлігі ұстанымы және хаб қызметіне қатысу мен ақпарат алмасудағы өзара міндеттемелердің еркіндігі ұстанымдары.

«Сөйтіп, аймақтық хаб мемлекеттік сектордағы реформаларды ынталандыру бойынша жалпы міндеттемелерге негізделген қатысушы-елдер арасындағы ынтмақтастықтың жемісі болады» делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар